Қосылу және төлем

Webkassa жайлы жиі койылатын сұрақтар

Бірінші жолы. Өнімге өзіңіз қосыла аласыз. Ол үшін webkassa.kz/tarif сайтына кіріп, қажетті тарифті таңдап, «Тариф таңдау» батырмасын басыңыз. Содан кейін нұсқаулық бойынша орындаңыз.

Екінші жолы. +7 700 777 33 03 сall-орталығына қоңырау шалыңыз, олар сізге Webkassa-ны 15 минут ішінде қосуға көмектеседі.

ФДО

ФДО - фискалдық деректер операторы. ФДО фискалдық деректерді мемлекеттік кіріс органына (салық комитеті) жібереді.

ФДО қызметі ақылы және 5 жыл бойы қабылдау, фискалдау жүргізуді, сақтауды және чектер мен Z-есептер бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне ақпарат жіберуді қамтиды.

ФДО қызметі операторға тікелей қосымша төленеді.

Webscan және акциздік таңбаларды тексеру

Webscan - бұл дүкендерге, барлар мен мейрамханаларға контрафактілік өнімдерді анықтауға және алкоголь өнімдерін жеткізушілердің сенімділігін тексеруге көмектесетін акциздік таңбаларды тексеруге арналған қосымша. Бұл қосымша сізге айыппұлсыз жұмыс істеуге және сапалы өнімнің беделін сақтауға мүмкіндік береді.

Тауарларды таңбалау

Қазақстанда міндетті таңбалауға жататын тауарлар мыналар:
● Дәрілік препараттар
● Темекі өнімдері
● Аяқ киім

Есепке алу жүйелерімен біріктіру

Біріктіру - деректерді бір жүйеден екіншісіне жіберу. Кассир жұмысын жеңілдету үшін Webkassa-ны өз есеп жүйеңмен біріктіріп алуға болады.

Webkassa-мен жұмыс істеу

Webkassa интернетке қосылған кез келген дербес компьютерден, ноутбуктен, планшеттен немесе смартфоннан жұмыс істей береді. Бөлек касса аппаратын толығымен алмастырады. Жүргізілген кассалық операциялар бойынша деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған фискалдық деректер операторының (ФДО) серверіне автоматты түрде жіберіледі.

Серіктестік

Webkassa-да рефералдық бонустар жүйесі қолжетімді, сол себепті серіктестік өте тиімді болады. Әрбір сатылым үшін балл беріледі. Балл неғұрлым көп болса, алатын пайда пайызы да соғұрлым жоғары болады.