ҚР ҚМ МКК талаптарына сәйкес қазақстандық кәсіпкерлер сатып алушының сұрауы бойынша БКМ фискалдық чектерін мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беруге міндетті.
Осы үшін Webkassa-да бастапқыда екі нұсқа қолжетімді болды:
- интерфейс тілін және онымен бірге чек тілін ауыстыру,
- сату кезінде тілді ауыстыру.
Бірақ тілді ауыстыруға артық уақыт жұмсамау үшін біз жаңа функцияны қостық - екітілді чек.
Екітілді чек
Енді Webkassa мобильді және WEB-нұсқасында екітілді чек беру мүмкіндігі пайда болды: қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдерінде.
✅ Сату кезінде тілді таңдау мүмкіндігі қолжетімді болды: "Қаз/Рус" "Қаз/Eng"
Енді Webkassa-да екітілді фискалдық чек осылай көрінеді.
Біз Webkassa-ны өз пайдаланушыларымыз үшін одан да ыңғайлы етуге ұмтыламыз, сондықтан барлық жаңартулар жаңа және қолданыстағы клиенттерге арналған тарифтерге енгізілген.